Жаңалықтар

«IQ game» интеллектуалды ойыны өтті

28 қараша күні кітапхананың ұйымдастыруымен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында «IQ game» интеллектуалды ойыны өтті. Ойын 5 кезеңнен тұрды: 1 кезең – «Тарих толқынында» 2 кезең – «Әуенді тап» 3 кезең – «Суретті сұрақтар» 4 кезең –« Кино Time» 5 кезең – «Емтихан» Әр кезеңде 6 сұрақ, әр сұраққа 1 балл беріледі. Жауап беру уақыты 1 минут. Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден мәдени мұра, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері қатысып, тартысты ойынға куә болды. Қатысушылар ойыннан алған әсерімен бөлісіп, алғысын білдірді. Нәтижесінде: 1 орынды – «Алтын көмбе» тобы (М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы) 2 орынды – «Ұлағат» тобы (Талдықорған...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2024

«Үнсіз тарайтын індет» атты дәрігермен сұхбат өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1-желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Үнсіз тарайын індет» тақырыбында Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алинамен оқырмандар арасында сұхбат өтті. Сұхбат барысында «Ғасыр дерті» атты видеоролик көрсетіліп, «Спид –қасірет қақпаны» атты кітап көрмесімен кітапханашы Фатима Бектемисова таныстырды. Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алина «Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы» тақырыбында баяндама оқып, оқырмандарға ағзаның иммундық жүйесінің адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС ауруын тудыратын инфекциялар тарайтынын, сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымдалатынын айтып, АИТВ/ЖИТС туралы түсіндірме қағаздарын таратты. Шар...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.11.2024

«Әні кетпес құлақтан» ән кеші өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында бұлбұл үнді, күміс көмей әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Әні кетпес құлақтан» атты ән кеші өтті. Шара барысы аңыз әншінің өмірі мен өнер жолына арналған бейнероликтен бастау алды. Алғашқы сөзді Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, вокалдық өнер бөлімінің оқытушысы, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Айман Бокашева ұстазы жайлы өз естеліктерімен бөлісті. Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Төлегенованың құрметіне арналған ән кешінде әншінің ғажайып даусындағы әндерін бейнеролик арқылы оқырмандар назарына ұсынылса, дарынды әншінің орындауындағы әнін Қанабек Байсейтов атындағы саз колледжінің оқытушысы Дияна Жұмарованың «Бұлбұл» әнін орындады. Шара соңында Бибігүл апасының жолын қуған «Бақжұлдыз&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.11.2024

«Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

ҚР Халық Жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.Ақынға арналған көрме «Өлеңмен өрілген өмір», «Жыр – менің жалғыз тарланым, Аялап өтер ардағым» атты үш бөлімнен тұрады. Көрмеге толық шығармалар жинағы, әр жылдары жарық көрген өлендер жинағы, анықтамалық, энциклопедия, және белгілі қоғам және әдебиет қайраткерлерінің ұлағатты сөздері қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.11.2024

Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті

Сакен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада 22 қараша күні журналист, жазушы Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті. Шара барысында Айдын Кәлімханұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылып, ал кітапханашы Фатима Бектемисова «Қашқын» кітабының видеослайдын қорғады. «Қашқын» романында сол 1930 жылдардағы алас- қапас кезеңде дүниеге келіп, жат жердегі жұртының басынан өткен зобалаңдарға куә болған,бала кезінен ата- бабасының атақонысын аңсап жүріп жетілген, ақыры 1960 жылдардағы мәдени төңкеріс кезінде жала жабылып, ұзақ жылдардағы түрмеге жабылған азаматтың қазақ жеріне бірнеше мәрте қашуы, ақыры дегеніне жетуі баяндалады. Шараға арнайы қатысқан Айдын Кәлімханұлына сөз беріліп, оқырмандар тарапынан қызықты сұрақтар қойылды. «Қашқын» кітабы «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алды. Шара соңында Барлыбек Сырттан...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.11.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика